Рио-2016: Олжас Сәттібаев ширек финалға өте алмады
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін бокстан 52 келі салмақта өнер көрсеткен Олжас Сәттібаев ширек финалға өте алмады, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.
Ол 1/8 финалда әзірбайжандық боксшы Эльвин Мамишзадедан 3:0 есебімен ұтылып қалды.
03:30-да 69 келіге дейінгі салмақта бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының команда капитаны Данияр Елеусінов жартылай финалда өнер көрсетеді.
Ал осы боксшылардан кейін, 04:15-те 91 келіге дейінгі салмақта Василий Левит финалда жұдырықтасып, Рио Олимпиадасының алтынына таласады.
Сонымен бүгін бесінші боксшымыз Рио олимпиадасындағы жарысын аяқтады. Енді жарыс жолында бес боксшымыз қалды.
Талқылау