Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рио-2016: Олимпиададағы қызықты да күлкілі жайттар (фото)

Әрине, Олимпиададағы ең басты қызығы медальдар мен жарқын жеңістер, сонымен бірге жеңілістер екендігі түсінікті. Дегенмен, Рио-де Жанейродағы Ойындардан алар ләззат сан алуан күлкілі әрі қызықты дүниелермен толыға түспесе мәні де болмас еді.

2

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

Американдықтың трикосындағы мыңдаған сваровски кристалдары

Қарапайым трико АҚШ командасы үшін арналмаған. Осы жолғы ойындарда американдық гимнасшының 5 мыңға жуық сваровский кристалдарымен көмкерілген  трикосы көздің жауын алады. Есте болса, 2008 жылы Олимпиада чемпионы атанған америкалық Настя Люкинаның киімі 184 кристалмен безендірілген еді. Ал 2012 жылы Габби Дугластың киімінде 1188 тас болды. Рио Олимпиадасында америкалық спортшының киімінде кристалдардың саны 5 мыңға жуықтады. Айта кетерлігі, АҚШ гимнасшысының мұндай трикосы шамамен 1 200 мың доллар тұррады.

3

Олимпиада бассейніндегі құтқарушылар

Бассейнде жүзіп келе жатқан Майкл Фелпс немесе өзге де жүзгіштердің бірі суға батып кетеді-ау деп ешкімнің де ойламайтындығы анық. Тіпті, бұл ой күлкілі де көрінуі мүмкін. Алайда Бразилия заңына сәйкес белгілі бір мөлшерден көлемі үлкен бассейнде құтқарушының кезекшілік етуі міндетті екен. Ал Риода мұндай 75 бассейн бар және олардың барлығында да спортшылардың бірі суға батып кетпесін де жіті бақылап отырған құтқарушылар да табылады. Бұл қызметтері үшін олар 2 аптаға 341 доллар алады. Айтпақшы, Лондон олимпиадасы кезінде де 150 құтқарушы жұмыс істеген болатын.

4

Жүлдегерлерге берілген түсініксіз сый

Осы уақытқа дейін Олимпиада жеңімпаздарына гүл шоғы сыйға берілетін. Ал бұл жолы Риода бұл дәстүрден бас тартылды. Өйткені, гүл тез солып қалып, жүлдегердің Олимпиадағы жеңісті сәтін жиі жадына салып тұра алмайтын еді. Сондықтан болар, жеңімпаздарға гүл орнына жасыл қондырғыдағы қисық сызықты зат табыс етілді. Осыдан  кейін-ақ әлеуметтік желіде оның не зат екендігіне бас қатырғандардың легі артты. Сөйтсек, ол Рио Олимпиадасының үш өлшемді логотипі екен.

5

АҚШ спортшылары және жүлдеге төленетін салық

Барлығы үшін де ақша шығындауға тура келеді. Оның ішінде Олимпиададағы тамаша жеңісің үшін де. Мәселен, америкалық жүзгіш Майкл Фелпс 5 алтын және 1 қоласы үшін алдын ала бағалауға сәйкес 55 мың доллар салық төлейді.

АҚШ-тың Олимпиадалық комитеті чемпионға 25, күміс медальға 15, ал қола медаль алғандарға 10 мың доллар сыйақы береді. Ал АҚШ заңына сәйкес бұл ақшадан салық алынады.  Бұған қоса, бұл елде медальдің құнынан да салық алады.

Forbes журналының мәліметтеріне сәйкес, Рионың жарты келілік алтын медалінің құны 564 долларды құрайды. Өйткені, ол күмістен жасалып, тек сыртына 6 грамм алтын жалатылған. Ал күміс медаль 300, қола медаль небәрі 4 долларға бағаланып отыр.

6

Ақша төле де шағымдана бер

Риода гимнасшының жаттықтырушысы төрешілер спортшысына аз балл бергендей көрінсе, онда шағымдануына да болады. Әрине, тегін емес. Жаңа ережегі сәйкес, жаттықтырушылар 4 минуттың ішінде шағым жасай алады және 300 доллар төлеуі қажет. Ал екінші рет шағымданса 500, үшінші рет 1000 доллар шығындауына тура келеді.

7

Бір немесе екі қола

Рио олимпиадасында 812 алтын, 812 күміс және 864 қола медаль табыс етіледі. Спорттың басым бөлігінде жеңімпаздарға, 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль беріледі. Алайда бокс және кейбір күрес түрлерінде екі спортшыға қола медаль табыс етіледі.

8

Дәретханадан балық аулауға тыйым салынған

Егер де сіз дәретханадан балық аулап көрмесеңіз әрі  аулап көргіңіз келіп жүрсе, онда Риоға бармай-ақ қойыңыз. Өйткені, бұл елде унитаздан балық аулаға тыйым салынған. АҚШ баскетбол командасының мүшесі Елена Делла Донне жоғарыдағы суретті түсіріп, алған. Онда дәретханадағы тыйымдар бейнеленген. Суреттің төменгі сол жағында қармағы бар балықшы бейнеленгендігін анық байқауға болады. «Бүгін дәретханадан балық аулай алмайтын сияқтымын», – деп жазды баскетболшы.

1


Жіберіп алмаңыз:

Рио: Мамандар қырғыз атлетшісінің қанынан стрихнин тауып алды

Рио-2016: Сабина Әшірбаева Рио Олимпиадасын жүлдесіз аяқтады

Рио-2016: Қазақстан жалпы медальдар санын бүгін 17-ге жеткізді

Орыс жігіт Рио төрешілерін домбыраның сүйемелдеуімен сынады (видео)

Талқылау