Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рио-2016: Нұрмахан Тінәлиев бірінші белдесуінде ұтылып қалды

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін грек-рим күресінен үшінші балуанымыз аса ауыр салмақтағы Нұрмахан Тінәлиев бірінші белдесуінде ұтылып қалды, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.

20160815201420

Неміс балуаны Эдуард Поптанмен белдескен Тінәлиев, 1:0 есебімен қарсыласына жол берді. Егер, неміс балуаны финалға шықса, жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алады. Ал ол финалға шыға алмаса, қазақтың алып жігіті Рио Олимпиадасын жүлдесіз аяқтайды.

Тінәлиев осыдан төрт жыл бұрын Лондон Олимпиадасына қатысып, тура осылай алғашқы қарсыласына жол берген болатын. Міне, биыл да алғашқы іріктеу сынынан әрі аса алмады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше грек-рим күресінен екі балуанымыз да ұтылып жүлдесіз қалған болатын. Олар Алмат Кебісбаев пен Досжан Қартықов.

Естеріңізге сала кетейік, Алмат Кебіспаев алғашқы іріктеу сындарында бірінші сайыста Грузия балуаны Зураб Датунашвилиді 2:0 есебімен жеңген болатын. Алайда, екінші кездесуінде яғни 1/8 финал бойынша сайыста ол жапон балуаны Шинобу Отадан 6:0 есебімен ұтылды.

Кейін, жапониялық балуан Шинобу Ота финалға шығып, нәтижесінде одан жеңілгендер жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алған еді. Ол жұбаныш белдесуінде бірінші 6 дүркін әлем чемпионын, 1 мәрте Олимпиада чемпионын ұтып, медальға жақындай түсті. Өкінішке қарай ол қола медаль үшін соңғы шешуші сында норвегиялық балуаннан ұтылып, Рио Олимпиадасын жүлдесіз аяқтады.

Ал екінші балуанымыз 75 келі салмақта сынға түскен Досжан Қартықов ширек финалдан өте алмай, ол да жүлдеден тыс қалды.

Талқылау