Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

14 тамызда Қазақстан спортшылары бірнеше спорт түрінен сайысқа түспек

14 тамыз күні қазақстандықтар Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында отандық спортшылардың бірнеше спорт түрінен өткізетін сайыстарын тамашалай алады.

20160814002525
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Кешке сағат 18.00-де қазақстандық спортшы Юрий Юрков нысана көздеуден сынға түседі. Ол винтовкамен атудан 50 метрлік қашықтықта нысана көздеу бойынша сынға түседі.

Сағат 20:00-де қазақстандықтарды тағы бір қызық жарыстардың бірі күтіп тұр. Апалы-сіңілі Александра мен Екатерина Немичтер әдемі спорттардың бірі – синхронды жүзуден бақтарын сынайды. 2016 жылы наурызда Бразилияда өткен лицензиялық жарыста олар Олимпиада Ойындарына жолдама ұтып алған болатын. 21 жастағы қос қызымыз Қазақстан чемпиондары және 2014 жылғы Азия ойындарының екі дүркін қола медаль иегерлері. Тоғыз жастан бері осы спортта жүрген спортшы қыздарды Жанна Демченко жаттықтырады.

Қазақстандықтардың ішінде кешкі олимпиадалық жарыстарды әйелдер боксы тәмамдайды. Сағат 20:15-те қазақстандық боксшы Дариға Шәкімова канадалық спортшы Ариан Фортирмен күш сынасады. 28 жастағы Дариға 75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасады. 2010 жылы Азия чемпионатында чемпион атанған қызымыз Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы.

Жіберіп алмаңыз: 

Баландин, Сметов және Галбадрах 15 тамызда елге оралады

Василий Левит олимпиада ойындарының финалына шықты

Данияр Елеусінов олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты

Талқылау