РИО-2016: Дариға Шәкімованы марапаттау сәтінің видеосы жарияланды

Дүйсенбі, 22 Тамыз , 2016 7:47

Дариға қазақ қыздары арасынан тұңғыш бокстан Олимпиада ойындарының жүлдегері атанған болатын.

RIOEC8E14C4FD_768x432

Еске сала кетсек, 20 тамызда Олимпиада ойындарында бокстан қыздар арасында 75 келі салмақта жартылай финалда Дариға Шәкімова америкалық Кларесса Шилдстан ұтылып, қола жүлдегер атанды.

Шәкімова ең алғашқы жекпе-жегінде канадалық қарсыласы А. Фортинмені 2:1 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды. Одан кейін ширек финалда қарсыласы ресейлік Ярослава Якушинаны 3.0 есебімен жеңді.

Дариға Шәкімова Петропавл қаласында дүниеге келген.
Жетістіктері: Азия чемпионы (2010); Қазақстан чемпионы (2013); Қазақстан чемпионы (2014); Азия чемпионы (2015); Қазақстан чемпионы (2016); Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.Шәкімова Олимпиада ойындарына жолдаманы Қытайда өткен бокстан Азия және Мұхит аймағы елдері бойынша Олимпиада ойындарына жолдама сарапқа салынған турнирде жеңіп алды. Олимпиада ойындарына биыл тұңғыш рет қатысты.

Рио олимпиадасында Қазақстан құрамасы сапынан мына спортшылар жүлдеге қол жеткізді: 77 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ауыр атлетНиджат Рахимов (96 келі), 200 метрге брасс әдісімен жүзудеДмитрий Баландин және 69 келі салмақта сынға түскен боксшы Данияр Елеусінов олимпиада ойындарының чемпионы (69 келі) атанды. Бұл спортшылардың барлығы олимпиада ойындарындағы тұңғыш жүлделерін иеленіп отыр. Данияр Елеусінов 64 келі салмақта Лондон олимпиадасына қатысып, жеңіліп қалған еді.

Ал 60 келі салмақта дзюдошы Елдос Сметов (60 келі), боксшы Василий Левит (91 келі) пен Әділбек Ниязымбетов (81 келі), еркін күрес шеберіГюзель Манюрова (75 келі) және ауыр атлет (69 келі) Жазира Жаппарқұл олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. Күміс жүлдегерлердің арасында Әділбек Ниязымбетов пен Гюзель Манюрова екі олимпиада қатарынан тұрақты түрде жүлде алып отыр. Боксшы Әділбек Лондон олимпиадасында (2012) дәл осы салмақта күміс иеленсе, Гюзель Манюрова төрт жыл бұрын қола еншілеген. Ал Жазира Жаппарқұл бұған дейін тек 2010 жылы жасөспірімдер олимпиадасында ғана топ жарған.

Ел қоржынына қола жүлдені ауыр атлеттер Корина Горичева (63 келі),Фархад Харки (62 келі), Александр Зайчиков (105 келі) және еркін күрес шебері Эльмира Сыздықова (69 келі), Екатерина Ларионова (63 келі) дзюдошы Отгонцецег Галбадрах (48 келі) және жеңіл атлет Ольга Рыпаковалар салды. Бұл спортшылардың арасында Ольга Рыпакова Қазақстан тарихында жеңіл атлетикадан екі олимпиадада қатарынан жүлде алған алғашқы спортшы атанды. Сондай-ақ, бұл қатарда 20 тамыз күні қола жүлде алған боксшы Иван Дычко (91 келі) мен әйелдер арасындағы бокс бәсекесінде оза шапқан Дариға Шәкімова да (75 келі) бар. Дариға Шәкімова қазақ қыздарының арасынан алғаш бокстан олимпиада ойындарының жүлдегері атанды. Иван Дычко бұған дейін Лондон олимпиадасында да осы салмақта қола жеңіп алған еді.

Бұл Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде қатысқан 6-шы жазғы олимпиада ойындары. Қазақстан 1996 жылғы Атланта олимпиадасынан бері тұрақты түрде жаһанның басты спорттық ойындарына қатысып келе жатыр.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар