Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рио-2016: Бүгін грек-рим күресінен Нұрмахан Тінәлиев жарыс жолына шығады

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін грек-рим күресінен үшінші балуанымыз аса ауыр салмақтағы Нұрмахан Тінәлиев жарыс жолына шығады.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

20160815101216

Ол Рио уақытымен таңғы сағат 10:00-де (Астана уақытымен сағат 19:00) жарысын бастайды.

Рио Олимпиадасына грек-рим күресінен бар жоғы үш-ақ балуанымыз жолдама алған болатын. Екеуі кеше ұтылып қалды. Олар Алмат Кебісбаев пен Досжан Қартықов.

Естеріңізге сала кетейік, Алмат Кебіспаев алғашқы іріктеу сындарында бірінші Грузия балуаны Зураб Датунашвилиді 2:0 есебімен жеңген болатын. Алайда, екінші кездесуінде яғни 1/8 финал бойынша сайыста ол жапон балуаны Шинобу Отадан 6:0 есебімен ұтылды.

Кейін, жапониялық балуан Шинобу Ота финалға шығып, нәтижесінде одан жеңілгендер жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алған еді. Ол жұбаныш белдесуінде бірінші 6 дүркін әлем чемпионын, 1 мәрте Олимпиада чемпионын ұтып, мадальға жақындай түсті. Өкінішке қарай ол қола медаль үшін соңғы шешуші сында норвегиялық балуаннан ұтылып, Рио Олимпиадасын жүлдесіз аяқтады.

Ал екінші балуанымыз 75 келі салмақта сынға түскен Досжан Картықов ширек финалдан өте алмай, ол да жүлдеден тыс қалды.

Енді, бүгін Тінәлиевтің жолына үмітпен қараймыз. Бұл Нұрмаханның қатысып жатқан екінші Олимпиадасы.

Жіберіп алмаңыз: 

Бүгін Левит алтынға таласады

Алмат Кебіспаев олимпиада ойындарында жүлдесіз қалды

Кәртіков ширек финалға шыға алмады

Талқылау