Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рио-2016: 10 тамызда қазақстандықтар спорттың 4 түрі бойынша сайысқа шығады

Бүгін Рио-де-Жанейрода жазғы Олимпиадалық ойындарда қазақстандықтар спорттың алты түрі бойынша бақ сынасады.

жарыс

Қазақстандық спортшылардың бесінші жарыс күні сағат 18:00-де 50 метрден ерлер арасында тапаншамен ату бойынша іріктеу сынынан басталады, оған бізден Владимир Исаченко мен Рашид Юнусметов қатысады.

Сағат 21:02-де 1/32 финалы аясында садақ ату жеке сынында украиндық Анастасия Павлова біздің Луиза Сайдиевамен бәсекелеседі.

Семсерлесуден Илья Мокрецов жеке турнирде сайысқа түседі. Ол 1/6 финалда америкалық Дэрил Гомерге қарсы жарысын Астана уақыты бойынша сағат 22:05-те бастайды.

Бокс турнирінің жартылай финалына шығу үшін екі былғары қолғап шеберіміз шаршы алаңға шығады. 49 келіге дейінгі салмақта Біржан Жақыпов сағат 2:00-де рингке өзбекстандық Хасанбай Дусматовқа қарсы, ал Василий Левит (91 келіге дейін) сағат 4:30-да маврикиялық Кеннеди Сент-Пьерге қарсы айқасқа шығады.

Екі зілтеміршіміз медальға таласатын болады, сағат 0:30-да 69 келіге дейінгі салмақ санатында Жазира Жаппарқұл, ал сағат 4-те 77 келі ерлер сайысына Ниджат Рахмов қатысады.

Ал, Дмитрий Баландин 11 тамызда Астана уақыты бойынша сағат 7:03-те екі жүз метрлік брасста финалдық жүзуде бақ сынайды.

 

Талқылау