Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ринголық” Батыр мен “Аюми” тобының экс-әншісі сәбилі болды

Ringo-лық Батыр Байназаров пен “Аюми” тобының экс-солисі Әсел Жамақаева сәбилі болды. Қуанышты жаңалықты қос өнерпаздың продюсері Алуа Қонарова жеткізді, деп жазады Stan.kz.


Алайда Батыр мен Әселдің шаңырағында кімнің дүниеге келгені белгісіз. Бұл ақпаратты Қонарова құпияда қалдырды.

“Біздің продакшн тағы бір адаммен толықты. Аллаға шүкір, бауы берік болсын. Анық-қанығын айта алмаймын, Батыр жарияны ұнатпайды. Жақында өздеріңіз де білетін боласыздар”, – деп фанаттарды қызықтырды продюсер.

Айта кетейік, Батыр мен Әсел биылғы жылдың көктемінде шаңырақ көтерген болатын.


Ана туралы қазақша 5 үздік өлең

Талқылау