Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Рингке хиджабсыз шыққан: Жекпе-жекте жеңіске жеткен ирандық чемпион қыз тұтқындалмақ

Иран Ислам мемлекеті Халықаралық боксшылардың матчында жеңіске жеткен Иран спортшысы Садаф Хадемді қамауға алу туралы үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі ALLBOXING сайтына сілтеме жасап.

Хадем

Таяушығыстық БАҚ-тың хабарлауынша, Хадемның бар кінәсі хиджаб кимей спорттық киімде алаңға шыққанында екен. Бұл Иран заңын бұзушылық ретінде қарастырылады. Заңға сәйкес, әйел спортшылар хиджабта және денесін толығымен жауып тұратын спорттық киімде шығуы қажет. Одан бөлек Хадемді ер адамның жетекшілігімен жаттығу жұмыстарын жасағаны үшін де айыптап отыр. Спортшының бұл қылығы да Иран заңына қайшы.

Иранның әуесқой боксшылар федерациясы жанжалдан өзін алшақ ұстауды жөн көріп, басшылығы Хадемнің олардың мекемелеріне тіркелмегендігін және турнирде жеке тұлға ретінде қатысқанын айтып мәлімдеме жасады.

Өзіне тағылған айыпты естіген Хадем және оның жаттықтырушысы Махьяр Моншипур отанға қайтпаймыз деп шешкен. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр