Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ринат Зайытов сүйіктісіне арнаған әннің бейнебаяны жарық көрді (видео)

Ғаділбек Жанай тыңдармандарына кезекті бейнебаянын ұсынды. Бейнебаян “Ханшайым” атты әнге түсірілген.

image

Фото: instagram.com/zulya_zt/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Ханшайым” әні бірнеше жыл бұрын жазылса да, бейнебаяны енді ғана жарық көрді. Аталған әнді Ринат Зайытов некелі жары Зүлфияға арнаған-ды.

Бейнебаянды көрген тыңдармандары оң бағасын берген. Десе де, бейнебаянға өзінің жарын түсірсе дұрыс болатындығын айтқан. Мұнымен қатар, бейнебаяндағы жігіттің ата-анасын әнші Мейрамбек Беспаевтың ата-анасына ұқсатқан жандар да бар.

Осы уақытқа дейін “Ханшайым” әнінің ұрланғандығы айтылып келген-ді. Оны жұрт армян әншісі Hripsime Hakobyan-ның “Tarorinak” атты әніне ұқсатқан. Ол әннің бейнебаяны 2012 жылы түсірілген.


Жіберіп алмаңыз:

Ринат Зайытов: Анамның айтыстарымды көргенін қаламаймын

Ринат Зайытов брейк билеп жұртты таң қалдырды

Ақын Ринат Зайытовтың төртінші перзенті дүниеге келді

Ғаділбек Жанай «Ханшайым» әні ұрланған дегендерге өз жауабын берді

Талқылау