Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ринат Зайытов Ғаділбектің хит әндеріне тегін сөз жазып берген

Әбдіжаппар Әлқожа ән мен сөз сататын авторларға жоламауға тырысса, әнші Ғаділбек әріптесімен келіспейді. Оның пікірінше, әр адам өз еңбегінің жемісін көруі тиіс. Десе де, Ғаділбектің өзі көптеген өлеңдерінің авторы Ринат Зайытовқа бір тиын да ұстатпаған.

Ринат Зайытов Ғаділбектің хит әндеріне тегін сөз жазып берген

Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Себебі Зайытов досы Ғаділбекке ән мәтіндерін шын көңілмен сыйға тартады екен.

“Ринат, тегін қолға бата жүрмейді. Қанша дос болсақ та, орамалы болу керек”, дедім. Сол кезде маған айтқаны: “Егер де ақша берсең, мимен жазып беремін. Егер досым деп келсең, жүрекпен жазып беремін”. Болды ғой, бұдан кейін не дейсің?” – дейді Ғаділбек.

Сондай-ақ, Ғаділбек Жанай өзімен етене жұмыс істейтін авторлардан кешірім сұрады.

“Сөз жазып берген ақындарға мың да бір рақмет айтып, бір ауыз кешірім сұрайын деп тұрмын. Себебі композиторлар да, ақындар да өзінің баласы сияқты туынды жазып береді және тезірек шыққанын қалайды. Біз де соны қалаймыз. Бірақ көп жағдайда уақытылы шыға алмай жатады. Неге? Өзіміздің студиямыз болмағаннан кейін. Біз тек ән айтып жүрген болсақ, онда әңгіме жоқ. Біздің қазіргі көп әншілер өздері стилист, өздері телефонға жауап береді, өздері жұмыс істейді, ізденеді, ән жаздыртады. Көп жағдайда үлгермей жатады”, – дейді ол.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау