Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Римнің жаңа әйел мэрі қазынаның ұрланған ақшасын қайтаруға уәде берді

Римнің жаңа мэрі Вирджиния Раджи қазынаға ақшаны қайтарып, мафиямен күресуге уәде берді. Раджиді сайлауға сайлаушылардың 67 пайызы дауыс берген.

606x340_336184

Бұл туралы euronews.com хабарлайды.

37 жастағы жаңа мэрдің мамандығы заңгер. Ол сұхбатында жұмысты неден бастайтынын айтып берді.

“Біз бірден “қазынаның ұрланған ақшаларын” қайтару үшін жұмыс істейміз. Қала қазынасы жыл сайын 1,2 миллиард евро жоғалтады. Біз осы ақшаларды қалпына келтіріп, оны қоғамдық қажеттіліктерге жұмсауымыз керек. Бұдан кейін 13-16 миллиард евроға жеткен Римнің қарызымен бас ауыртамыз”, – деді жаңа мэр.

Ол сондай-ақ, мафиямен де күрес жүргізбекші. Оның бұл бастамасын қазірдің өзінде мафиямен күрес Ұлттық агенттігі де қолдап отыр.

Бұған дейін Париж бен Мадрид қалаларын әйел адам басқарған еді.

“Бұл кездейсоқтық па білмеймін. Әйтсе де бұл жақсы нышан дер едім. Демек, адамдар түрлі ауыс-түйіске дайын деген сөз. Бұл гендерлік саясаттың жемісі”, – деді Раджи.

Талқылау