Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Римде Иран президентінің елге сапары үшін жалаңаш ескерткіштерді қораппен жауып тастаған

Иран президенті Хасан Роуханидің Италия еліне сапар шеккен еді. Құрметті қонағының келуіне байланысты ел басшылары Капитолия мұражайындағы жалаңаш тұрған антикалық ескерткіштерді жауып тастауды жөн көрген.

160127163039_statue_cover_index_624x351_ap_nocredit

Бұл туралы  bbc.com хабарлайды.

Иран президенті Хасан Роухани халықаралық санкция алынғаннан кейін Батыс елдерімен қатынасты нығайту мақсатында европа елдерін аралауды ұйғарды.

160127164302_rouhani_cartoon

Роухани ең алдымен Италия еліне сапар шекті. Иран президентінің бұл елге келуіне байланысты 17 миллиард евро қаржыға келісім жасалды.

Антикалық дәуірдің құндылықтары Иран делегациясы жүріп өткен залдың қабырғаларында орналастырылған.

Telegraph басылымының мәліметінше, Роухани Марк Аврелий ескерткішінің алдына ресми суретке түсірмеуін сұраған.

160127163629_rouhani_horse_624x415_afp_nocredit

Мұндағы  мәселе, императордың өзінде емес, астындағы атында болып тұрған сыңайлы. Ирандықтар б.з.д.ІІ ғасырдағы «атрибуттарды» көруге ыңғайсызданған.

Сонымен қатар, құрмет белгісі ретінде ирандық қонаққа түскі астан кейін вино шарабы берілмеген.

160127172239_statue_koons_624x415_gettyimages_nocredit

Ал, кейбіреулерге мұндай құрмет түрі ұнамаған сияқты.

Италия парламентінің мүшесі Сильвио Берлускони мен экс-хатшы Даниэле Капеццоне ескерткіштерді жауып тастау, ресми кездесуді күлкілі етіп көрсететінін айтты. «Италия қонақтарды ренжітпеу үшін түскі астан соң шарап бермейтіндей дәрежеге түсіп қалған ба?», – деп жазады Капеццоне.

160127172614_sistine_chapel_624x415_gettyimages_nocredit

Иран президенті Хасан Роухани мен Италия премьер-министрі Маттео Ренцидің Капитолий мұражайындағы кездесуіне қатысты әлеуметтік желі қолданушылары қызу пікірталас  болды. Ел билігінің сыйлы қонақтар үшін тарихи ескерткіштерді жауып тастауы және оған құрмет деп қарауы, жергілікті халыққа деген құрметсіздік екенін айтты.

160127173153_rouhani_france_624x415_afp_nocredit

Италия сапарынан кейін Роухани Парижге бет алды. Иран өкілдері былтырғы жылдың қараша айындағы Франция еліне сапары кезінде түскі асқа шарап қоймауын өтінген еді. Алайда, Франция тарапы мұндай өтіншті орындаудан бас тартқан еді.

Талқылау