Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рим Папасы Польшаға сапары кезінде есінен танып қалды (видео)

Рим Папасы Франциск поляктың Ченстохова қаласында өткізілген арнайы діни қызмет рәсімі кезінде құлап, есінен танып қалды.

68c83136f92e80a215531c724b4c4827_L

Фото: jceworld.blogspot.com

Қасиетті Престолдың жоғарғы басшысының орнынан тұруына сол сәтте қасында болған өзге дінбасылары көмектесті. Артынша Рим Папасы ештеңе болмағандай, жиналған халықтың алдында сөз сөйледі.

Айта кету керек, Рим Папасы 26-31 шілде аралығында Краковта өтіп жатқан Жастардың дүниежүзілік ойындары аясында Польшаға келді. Ал Ченстохова қаласы Польшаның рухани астанасы саналады. Мұнда Құдай Ананың Ченстохов иконасы бар.

Талқылау