Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Риддерде сотталған шенеунік: Жол апатынан қайтыс болған бала жиі түсіме кіреді

Риддерде айыпталған экс-шенеунік аппелляциялық сот отырысында сөз сөйледі.

8 тамызда сот отырысы өтті. Шығыс Қазақстан облыстық соты 18 жасар Евгений Смолниковты өлтірген Бауыржан Құрманбаевты қатаң жазалау туралы прокурордың өтінішін ескермеді, деп жазады YK-news.kz.

Қорғаушы жақ керісінше шенеунікке бұған дейін  тағылған айыптың қатаң екенін айтып, жеңілдетуді сұрады. Айыпталушы 1 жылға бас бостандығынан айырылды.

Құрманбаевтың жасаған қылмысы ауыр қылмысқа жатпайды. Мемлекеттік қызметші екендігі оның осындай ауыр жазаны тағайындау керек дегенді білдірмейді. Қоғамдық резонанс, әрине, орын алды, бірақ Құрманбаевтың достары мен туыстары бірдей шараларды қабылдай алады. Айыпталушы әлеуметтік желілер арқылы айтылған барлық шабуылдарға төтеп берді. Сот қоғамдық пікірдің шеңберінде болмауы керек. Негізінен, бұл пікірді жазушылар интернетте отырған тәжірибесіз жастар», – деді сотталушының адвокаты.

Айыпталушы өзі өлген жігітті жиі түсінде көретінін айтты. Бұл төрт ай отбасы мен балаларынсыз қамауда отырғаны оған жеткілікті жаза екенін жеткізді.

Айта кетейік, жол апаты 15 сәуір күні Риддерде болды. Әкімнің орынбасары Бауыржан Құманбаев 18 жастағы Евгений Смольниковты көлікпен қағып кетті. Жеткіншек жедел жәрдем келгенше көз жұмды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау