Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Риддерде прокурордың көмекшісі қалалық ХҚКО-ны бастығымен төбелесті

Риддерде прокурордың көмекшісі қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығының бастығымен төбелесті. Біреуі – ауруханада, екіншісі – түрмеде, деп хабарлайды Time.kz

12

Жанжал Риддердегі кафеде басталған. Тіпті, сол арада кафеге келушілердің біреуі таяқ жеп қалыпты. Бұл оқиға жайында Шығыс Қазақстан облысының прокуроры түсініктеме берді.

Айтуынша, қазір прокуратура қызметкері Сергей Упоров алған дене жарақатына байланысты Риддердің қалалық ауруханасына  жатыр. Ол жарақатты жергілікті кафеде таныс емес адамдармен төбелесте алған. Сот-медициналық экпертизада оның орта дәрежелі дене жарақатын алғаны  анықталған.

Тергеу барысында күдіктілер анықталып, қамауға алынды.  Нұрғалиев Ф.К азаматы тұтқынға алынып, жанындағы Нұрғалиев А.Н. және Гаврищук И. кепілге босатылды. Төртінші Рахматтулин Е. іздеу салынды. Сонымен қатар, Гаврищука И., азаматының арызы бойынша Сергей  Упоровқа сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Талқылау