Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рианна Майкл Джексон атындағы MTV сыйлығын алмақ

Әнші Рианна Майкл Джексон атындағы MTV сыйлығын алады. Марапаттың толық атауы – Michael Jackson Video Vanguard Award.

rihanna

Осыған дейін мұндай сыйлықты Канье Уэст және Бейонсе алған. Марапаттау рәсімі 28 тамызда Нью-Йоркте өтеді. «MTV құрмет грамотасының лауреаты ретінде сахнаға көтерілу мен үшін үлкен мәртебе», – деді Рианна.

Сонымен қатар, әнші төрт аталым бойынша сыйлықтан үмітті. Рианнаның бейнебаяндары талай рет таң қалдырған. Оның YouTube сайтындағы парақшасы 10 млрд-қа жуық рет қаралған.

Жіберіп алмаңыз:

Рианна жаңбыр астында қалған жанкүйерлеріне пицца таратты

12 жасар бала Рианнаның хитын түпнұсқасынан да асыра орындады (видео)

Канье Уэст жаңа клипінде Рианна мен Дональд Трампты “тыр жалаңаш шешіндірді” (видео + 18)

Рианнаның тыңдарманы тверкті мұрнымен билетіп интернетті “жарды” (видео)

Талқылау