Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

РФ-да кезекті рет тікұшақ құлап, 4 адам қазаға ұшырады

«Бүгін күндіз Ресейдің Ханты-Манси ауданындағы Кедровый кентінен 7 шақырым жерде авиациялық оқиға болды. AS-350 тікұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала ақпараттар бойынша 4 адам қаза болды»

20151129204025

Бұл туралы ХМАО бойынша ІІМБ сайтында жексенбі күні хабарлады.

Ханты-Манси автономиялық округінде AS-350 тікұшағы апатқа ұшырады, алдын ала мәліметтер бойынша төрт адам қазаға ұшырады. Әуе кемесінің сынықтарын Ресей ІІМ-нің «Ханты-Манси» өкілетті полициясының учаскелік инспекторы тауып алды. Оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс жасауда.

Бұл аптада Ресейде тікұшақпен тағы бір ірі авиа апаты болды. Бейсенбі күні «Турухан» авиакомппаниясының Ми-8 тікұшағы Краснояр өлкесінде қатты қонып, 10 адам мерт болды, тағы 15-і ауруханаға жатқызылды.

Талқылау