Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлікті Бурабайдағы шипажайда тонап кетті

Омск тұрғыны Бурабайға келіп демалуды бір жыл бойы армандапты. Оны ерекше табиғат, өзен, таза ауа қызықтырған.

a52da9b64c3690c18c1e824c3b2bb1bf

Фото: petrotur.kz

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Қонақүйге тоқтаған ресейлік туристің әмиянын, құжаттарын, миграциялық картасын ұрлап кеткен. Қыз үмітсіз болса да полицияға хабарласады.

Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларын мұқият тексеріп, 27 жастағы адамды анықтайды. Оның пәтерін тінту кезінде ресейліктің құжаттары табылды.

Полицияның хабарлауынша, туристердің қауіпсіздігін күшейтілген құрам қадағалауда. Курортқа қазақстандық және ТМД елдерінің өкілдерін қоса есептегенде мыңдаған демалушы келеді.

Талқылау