Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейліктер нәрестені құтқарып қалған ақтаулық жолсерік туралы фильм түсіруде

Ресейдегі «Домашний» телеарнасы 9 айлық сәбиді өлімнен құтқарып қалған ақтаулық жолсерік туралы деректі фильм түсіруде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

20170721083428

Владимир Калашников түсіріп жатқан фильм «ТМД жолсерігі» деп аталады. Фильмде жолсеріктен өзге де сюжеттер баяндалады.

Айта кетейік, 2017 жылдың 3 шілдесі күні Алтынай Рамбаева «Маңғыстау-Астрахан» пойызында 40 минут бойы клиникалық өлім күйіне түскен сәбиді аман алып қалған еді. Алтынайға ата-анасы мен жақындары риза болып, алғысын айтты. Басшылық тарапынан марапатқа ұсынылды.

20170721083410

Фатиманың анасы Арайлым да фильмнің кейіпкері болып, пойызда болған оқиғаны тағы да баяндады.

Жолсеріктің 25 жастағы қызы Гүлзира анасы жайлы айтып өтті. Айтуынша, анасы бөтен адамдарға да мейіріммен қарайды екен. Алтынай Рамбаева өзі құтқарған 9 айлық сәби Фатиманың екінші анасы атанды. Екі отбасының таныстығы достыққа ұласты. Сәбидің ата-анасы оның туған күнін Алтынай Рамбаеваның отбасымен бірге атап өтпек.

Еске сала кетейік, аптап ыстықтан 9 айлық сәбидің пойызда есінен танып, клиникалық өлім жағдайына түскенін хабарлаған болатынбыз.

Тағы да оқыңыз:

Нұрсұлтан Назарбаев демалысқа шықты

Шымкентте сатушы жігіт елді алдап жүрген алаяқ әйелдің қулығын әшкере қылды (видео)

Астана маңында белгісіз ер адам прокуратура қызметкерін атып, сосын өзіне қол салды

Талқылау