Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейліктер Беларусь пен Қазақстанды сенімді серіктес деп санайды

Ресейліктер алтыншы жыл қатарынан Беларусь пен Қазақстанды посткеңестік кеңістіктегі әлдеқайда сенімді серіктес және бұл елдерді ТМД-дағы ең табысты елдер деп санайды. Мұны Қоғамдық пікірді зерттеудің бүкілресейлік орталығы сауалнамасының мәліметтері айғақтайды.

prezidenty

Сонымен бірге бұл екі мемлекеттің басшылары ресейліктер сенетін тұлғалар рейтингінде және орыс тілді тұрғындар құқығының сақталуын қамтамасыз ету бойынша рейтингте көш бастап тұр, деп хабарлады РИА Новости.

Қоғамдық пікірді зерттеудің бүкілресейлік орталығы бейсенбі күні ресейліктердің ТМД елдеріне деген қарым-қатынасы бойынша кезекті зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды. Әлеуметтанушылардың төрт сұрағының әрбіріне респонденттер ең көбі үш жауап қана бере алды.

“Ресейліктердің Беларусь пен Қазақстанға деген сүйіспеншілігі жылдан-жылға артып келеді. Осылайша, алты жыл қатарынан ресейліктер ТМД-ға мүше мемлекеттердің арасында осы екі елді қол жеткізген жетістіктері бойынша көш басына қойып келеді”, – делінген зерттеу материалдарында.

Осылайша, 2015 жылы сауалнамаға қатысқандардың 72%-ы Беларусьті, 50%-ы Қазақстанды сәтті дамып келе жатқан ел деп санайды. Өткен жылы респонденттердің сәйкесінше 66% және 45% осындай жауап берген. Айта кету керек, зерттеу алғаш рет 2010 жылы жүргізілді. Ол кезде  респонденттердің 31% Беларусьтің қол жеткізген жетістігі мол деп есептесе, 34%-ы Қазақстанды алға шығарды.

Беларусь пен Қазақстан  лидерлері де ТМД елдерінің басшылары арасындағы рейтингтің көшін бастап тұр.  Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі (63%) Беларусь президенті Александр Лукашенкоға сенетінін (өткен жылы – 61%), сонымен қатар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа  (45% ресейлік, өткен жылы – 38%) сенетінін айтты. ТМД елдерінің өзге президенттеріне сауалнамаға қатысқандардың оннан бір бөлігінен аздау респонденттер дауыс берді.

Сауалнама 2015 жылы 22-23 қараша аралығында Ресейдің 46 өңірінде жүргізілді. Оған 1600 адам қатысты. Статистикалық дәлсіздік 3,5%-дан аспайды.

 

 

Талқылау