Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейліктер ақшаға Путин мен Сталиннің суретін салуды ұсынады

Орталық банктің келесі жылдан бастап номиналы 200 және 2000 рубльдік екі купюраны айналымға енгізетіні туралы жаңалық ресейліктер арасында дүрбелең туғызды.

1634251

Сурет korrespondent.net

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Ресей Банкі уәде еткен банкнот дизайнын жария талқылауды күтпестен азаматтардың өздері Change.org. халықаралық алаңында пікірсайысқа бастамашы болды.

Сенбіден бастап, ресейліктер платформада купюралар дизайны жөнінде 1300-ден астам петиция жазды.

“Бізде мұндай белсенділік бұрын-соңды болмаған еді. Әдетте ресейліктер бір ай ішінде 2 мыңға жуық петиция ұсынатын”, дейді Change.org порталының Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша директоры Дмитрий Савелов.

«Ресейліктердің бұрынғы белсенділіктері қазіргіге қарағанда анағұрлым бәсең болатын. Мәселен өткен жылғы дау-дамай жол-көлік оқиғалары және ауруханалардың жабылуы туралы өрістеді», – дейді ол.

Танымал петициялар рейтингісінде Владивосток көш бастап тұр. Бұл қаланың панорамасы мыңдық банкноттарда болған еді. Одан әрі Кострома мен 2015 жылы 2000 жылдығын өткізген Дағыстандағы Дербент келеді. Әлемдегі тұщы сулы үлкен көл – Байкалды бейнелеу жөніндегі ұсыныстар да шет қалмады.

Бірқатар дауыс берушілер жаңа купюрада кеңестік ғарышкер Юрий Гагариннің бейнесін салуды ұсынады. Екі петицияда КСРО басшысы Иосиф Сталиннің портретіне қолдау білдірілген. Қазіргі президент Владимир Путиннің образын банкнотқа салу және тіпті голливудтік жұлдыз Чак Норристі де айтып жіберген.

Ресей Банкі жаңа купюраларды айналысқа енгізуге ниетті екенін 12 сәуірде Орталық банк басшысы Эльвира Набиуллина хабарлаған болатын. Оның айтуынша, Ресей Банкі жаңа банкноттарда ресей аймақтарының символдарын бейнелеуді құптайды.

Ресейдің қазіргі ақша сериясы 1995 жылы енгізілгеннен кейін онша көп өзгеріске ұшыраған жоқ. 1998 жылы купюралардан артық нөлдер, 1000-рубльдік купюралар алынып тасталды (оны номиналы 1 рубльдік шақалармен ауыстырылды).

Қазіргі серия «шұғыл» даярланды, бірақ та оның өмірі ұзақ болатынын ешкім де білмеді, дейді Гознактың бұрынғы суретшісі Юрий Ковердяев. Сол кезде де ақшаға атақты ресейліктердің суреттері композицияларын салу идеялары болған. Мәселен, Пушкин Петербургпен, Менделеев өзінің кестесімен, Суриков Суворовтың Альпі жорығы туралы суретімен.

Ковердяевтің айтуынша, жаңа банкноттарда жалпы «аймақтық» тақырып орын алуы тиіс. «Ақша – мемлекеттің бейнесі, сондықтан да оны мықтап ойлану қажет», дейді ол.

«Ресейдің бейнесі» жаңа банкноттарда қандай болуы туралы ойларын ел азаматтары биылғы жазда жаңа купюралардың дизайны федералдық телеарналардың бірінде ашық талқылау басталған кезде білдіре алады.

Талқылау