Ресейлік жұлдыздардың жұртты шошытқан райдерлері

Дүйсенбі, 18 Сәуір , 2016 19:10

Ресей жұлдыздарының талаптары концерт ұйымдастырушыларын жиі шошытып, әуреге салады екен. Мысалы әнші Лолита барған жерінде өзін «Ока» көлігінің күтіп алуын сұраса, Максим Галкин жеке шаштаразшы талап етеді екен.

пугачева

Өзін сыйлайтын әрі халықтың сұранысы бар әр әншінің өз райдері бар. Ол әртістердің концер ұйымдастырушылары мен қонаққа шақырушыларға беретін талаптарының тізімі. Әрине талаптар кейде миға қонымды,кейде тіптен таң қаларлықтай болып жатады. Дегенмен ерке әрі талантты әртісті өзі ұйымдастырған концерт төріне шығарғысы келген ұйымдастырушылар мұны жасауға мәжбүр болары анық.

Ресейдің Примодоннасы өзінің талаптары жайлы жариялауға тыйым салады екен. Әнші басқалармен салыстырғанда ерекше ештеңе талап етпейді екен. Алдымен грим жасалатын бөлменің өзгелерге білінбестей қалың перделі болғанын қалайды. Қарапайым тамақ. Әрине тура сол кезде қандай тағамдарды тұтынып жүргені бойынша алдын ала айтады. Қаладағы ең жақсы қонақ үйден «люкс» номер алдырады. Ол пойызбен саяхаттағанды жақсы көреді. Пойызға отыратын жолаққа дейін жеткізетін ақ лимузинге тапсырыс береді екен. Сондай-ақ Пугачеваға кейде өзіне дайындалған люкс номердің жағымсыз энергетикасы байқалса, бірден басқасын тауып беруді талап етеді.

Максим Галкинге барған жерінде  жеке шаштаразшы керек болады. Ресей Примадонасының жас күйеуі барған жерінде минивенмен жүргенді ұнатады. Онда үстіге жамылатын жұқа көрпесі, жұмсақ жастығы, сыр қосылған бутерброд, ыстық шай, жеміс-жидектер болуы шарт. Ал тоқталған номері міндетті түрде үш бөлмелі болуы керек. Онда да  алма, алмұрт, жүзім, анар, шай, сүт міндетті түрде қасында болуы керек. Максим Галкиннің ерекше талабының бірі жеке шаштаразшының болуы.

Кристина Орбакайт ресейлік ұшақтарға отырмайды екен.

Алла Пугачеваның қызы Кристинаның талабы өзгеше. Ол Ресейлік ұшақтарға мүлде отырмайды екен. Ол отыратын ұшақтың орны да ауыспауы керек. Екінші қатар, ұшаққа  кірген кездегі оң жақта отырғысы келеді. Оны күтіп алатын көлік әрі кеткенде шыққанына үш жыл болуы шарт. Көлікте жүргізушіден басқа ешкім болмауы керек.

Филипп Киркоровты  президенттен кем күтіп алмауы керек екен.

Поп-король ең талапшыл әрі сұраныстағы әртіс. Концерт ұйымдастырушылардың айтуынша оның талаптары тоғыз беттен тұрады екен. Яғни Алла Пугачеваның райдерінен асып түседі екен. Ол  өзін күтіп алатын әрі шығарып салатын көлікті жол полициясының  қоршауымен жүруін талап етеді екен. Бұдан бөлек Киркоровты ұшақтан шыққан бетте лимузин тосып алуы керек. Өзінің көмекшілері үшін  «Мерседес» автобусына тапсырыс береді екен. Ол барған қаласындағы ең мықты отельге жайғасады. Оның келетін уақытына міндетті түрде президенттер қонатын номер дайын болуы шарт. Киркоровпен бірге өзінің жеке аспазшысы жүреді екен.

София Ротару базардан да тамақтанып кетеберетін әртіс екен.

София Ротару да өзін құқықтық орган қызметкерлері  шығарып салып, күтіп алғанын қалайды. Оның көмекшілері үшін 48 орындық «Икарус» автобусы жарайды екен. София Ротару өз көмекшілерінен бөлек жерде, қаланың ең жақсы деген қонақ үйіне тоқталады. Әрі үш мезгіл тамағы сол жерден болуы шарт. Ең қызығы әнші базардың табиғи таза тағамдарын ұнатады екен. Оған қолдың сүзбесі, жұмыртқасы мен сүті, жемістер мен газдалмаған сусын ұнайды. Ал концерттен кейін Chivas Regal вискиін ішкенді жақсы көреді екен.

Лолита Милявская барған жерінде «Ока» көлігіне отырады.

2008 жылы  әнші  ұйымдастырушылардың ашкөздігіне наразылық білдіріп өзінің райдеріне күлкілі бөлім қосқан. Содан бері әншіні  әуежайдан тек «Ока» көлігімен күтіп алу керек.

Әртістің директоры украиналық арналардың біріне берген сұхбатында: «Қонақ үй жақсы болуы шарт. Жұлдыздардың саны маңызды емес. Гримерка жылы әрі жарық болуы тиіс. Кең жердегі столда шай, 2 литр сүт.  Ешкімде жоқ райдерге келетін болсақ оны екі «Ока» көлігі  шығарып салып, күтіп алуы керек. Біз бұны ұйымдастырушылар талаптарды оқыды ма, жоқ па соны білу үшін қосқан болатынбыз. Оқығандар хабарласып, әзіл шынын сұрап жатады. Біз әрине әзіл деп жауап береміз»

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар