Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік зейнеткер Алматыдан Атырауға дейін пойыздың төбесінде отырып бармақшы болған

Алматыда пойыздың төбесіне отырып межелі жеріне жетіп алғысы келген 68 жастағы Ресей азаматы ұсталды. Бұл туралы көліктегі ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

974237

Сурет kiev.vgorode.ua

3 шілде күні полиция батальонына Алматы-1 – Шамалған станциясында ер адамның вагон үстінде отырғаны хабарланған. Осыдан соң жолаушылар пойызы жедел түрде тоқтауға мәжбүр болады. Құқық бұзушы Орынбор облысында тұратын 68 жастағы ер адам екен.

Жауап алу кезінде ол билет алуға ақша болмағандықтан осындай қадамға бардым деп түсіндірген. Оның әрекетіне байланысты әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 560 бабына орай әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК (10 мың 605 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Транспорттық полиция жыл басынан бері департаментте осыған ұқсас 824 фактінің тіркелгенін айтты. Сондай-ақ, рұқсат етілмеген аумақта темір жолды кесіп өткені үшін 15 мың 501 адамға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Талқылау