Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік Эйнштейн-мысық ұзын тілімен интернетті таңқалдырды

Волгоградтық Мелисса атты мысық өзінің ұзын тілімен интернетте танымал боп шыға келді. Ол тіпті Инстаграмда 21 мың жазылушы жинап үлгеріпті.

pic_76206c8c87a865a4f1c26f0edcc13731

Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлайды.

Бұл бейнесімен ұзын тілді мысық әйгілі неміс физигі Альберт Эйнштейнді еске салады. Ғалым да суреттерінің бірінде тілін шығарып түскен болатын.

Ветеринарлар үй жануарына «остеохондродисплазия» деген диагноз қойған. Бірнеше апта бұрын мысықтың сүйектері ауыра бастаған. Бірақ, оның нақты қандай ауруға ұшырағаны белгісіз қалған еді.

“Дәрігерлер Мелиссаға ұйықтауға кеңес берді. Өйткені емдеу өте қымбат тұрады әрі көп күшті жұмсауды қажет етпек. Бірақ, мен өз бетімше емдеймін деп шештім”, – дейді үй жануарының қожайыны 23 жастағы Алина Эсфирь.

😳

Фото опубликовано Melissa the Einstein Cat (@melissa_scottish)

Ұзын тілімен таңқалдырған жалғыз бұл мысық ғана емес. 2015 жылдың қазан айында Канадалық Мистер Магу атты мысық та Инстаграм жұлдызына айналған.

Талқылау