Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік ұшақ апатқа ұшырар алдында аспанда белгісіз жарық сәуле пайда болған (видео)

Бортында ансамбль мүшелері мен әртістер, журналистер мен әскери қызметкерлер болған ресейлік әскери ұшақтың апатының нақты себептері әлі анықталар емес. Сондай-ақ, желіде әуе апаты болған түні Сочи аспанында жанған әлдебір жарық туралы қызу талқы болып жатыр.

lqmiZkK-XcFa

Youtube каналында жарияланған видеода РФ қорғаныс министрлігіне тиесілі Ту-154 ұшағы апатқа ұшырар алдында аспанда жанған жарық байқалады.

Бейнежазба 2016 жылы 25 желтоқсан күні таңертең түсірілген. Әуе кемесінің апатқа ұшырауына террорлық шабуылдың да әсері болуы мүмкін деген болжам айтылып жатыр. Қазіргі таңда Ресейдің күштік құрылымдары ұшаққа кіруге мүмкіндігі бар адамдарды тексеріп жатыр.

Бір сәтте 92 азаматынан айырылған Ресейдің қайғысына күллі әлем ортақтасуда. Ту-154 ұшағы Сириядағы Хмеймим базасына аттанып бара жатқан. Ұшақта негізінен әншілер мен әртістер, журналистер болды.

Осыған дейін Александров ансамблінің солисі Вадим Ананьевтің ұлының дүниеге келуінің арқасында әуе апатынан аман қалғанын хабарлаған болатынбыз. Ұшаққа мінбей апаттан құтылғандардың ішінде халық әртісі Илсиф Кобзон да бар.

Ал апаттан көз жұмғандардың арасында әйгілі «Любэ» тобының әншісі де бар екен.

Оқи отырыңыз:

Чехия президенті халқына Жаңа жылда қауіпке толы өмір тіледі

Үндістанда әйелді өліге санап Ганг өзеніне ағызып жіберген, бірақ оны балықшылар құтқарып қалған

Етеккірі келгендіктен туыстары сарайға қуып жіберген қыз көз жұмды

Австралияда 11 жастағы бала 6 жасар туған інісін зорлап тастаған

Талқылау