Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік телеарналар Қазақстан аумағында хабар тарататын болды

НТВ-Мир, РТР-Планета, Россия 24, Россия-Культура телеарналары Қазақстан аумағында хабар тарататын болды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: ru.sputniknews.kz

“ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен РФ байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігінің келіссөздерінің нәтижесінде бұрынғы келісімшар (тариф) бойынша 2018 жылдың 1 наурызына дейін ресейлік НТВ-Мир, РТР-Планета, Россия 24, Россия-Культура телеарналары хабар таратады”,- делінген баспасөз хабарламасында.

Бұған дейін 11 желтоқсаннан бастап “Қазақтелеком” АҚ және “Алма ТВ” желілері ресейлік «НТВ-Мир», «РТР-Планета», «Россия-24», «Россия-Культура» телеарналарының хабар таратуын тоқтататынын хабарланған еді.

Тағы оқыңыз:

Денесін күйік шалған бала қамқоршыларының көмегімен Астанада емделетін болды

Жүк көлігінен ұшқан дөңгелек мотоцикл айдаушыны қағып кетті (видео)

Колумбиялық әйел 7 жыл бойы тырнағын алмаған (видео)

 

Талқылау