Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік суретші төсімен Назарбаевтың портретін салып, оны қомақты сомаға сатты

Питерлік суретші Ирина Романовскаяның кеудесімен салған Назарбаевтың портретін қомақты сомаға Петербургтегі ҚР консульдығы сатып алды. Сурет Қазақстан Республикасының бас консульдығына қатты ұнап, олар портретті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзіне тарту етпекші.

Безымянный

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

“Назарбаевтың суреті үшін тіпті қазақ бизнесмен маған Астанадан пәтер де уәде еткен. Бірақ, Қазақстан консульдығы маған хабарласқаннан кейін, мен картинаны ешкімге сатпайтынымды айттым. Оның үстіне консульдықтағылар портретті президенттің өзіне апаратынын айтты”, – дейді Ирина Романовская.

Портрет суретшінің сүйікті күлгін-көк түсті бояуымен салынған. Онда президент қолына кока-кола құйылған бокал ұстап тұр.

“Қазақстан президенті біздің елде ерекше құрметке ие. Ал оның суретін салу идеясы менің ойымда бұрыннан жүрген болатын. Мен бұл Нұрсұлтан Назарбаевқа жасалған ерекше сыйлық болады деп ойлаймын. Портретте ол кока-кола ұстап тұр, бірақ, ешқандай америкалық белгі жоқ. Мұны тек заманауи өнер және суретшінің қиялы деп түсінуге болады. Яғни, суретші не қаласа, соны салады. Негізі өзім, алкогольге қарсымын және бәрін қарсы болуға шақырамын”, – дейді суретші.

12456460

Ирина бірнеше жылдан бері кеудесімен сурет салуды кәсіп етіп келе жатыр. Архитектуралық институтты бітіргеннен кейін ол оқуын Францияда жалғастырған. Өзінің суретшілік жолындағы бұл эксклюзивті техникасын ол бірнеше жыл меңгеріп, нағыз кәсіби маманға айналған. Қазір де оның жұмыстарына деген сұраныс артып, картинасының бағалары да өсіп жатыр. Тіпті батыс саясаткерлері де өз портреттеріне арнайы тапсырыс береді екен. Романовская қазірге дейін біраз беделді тұлғаларды бейнелеген. Оның ішінде Владимир Путин, Барак Обама, Дмитрий Медведев, Владимир Жириновский, Дмитрий Песков, Виталия Милонова, Лионель Месси, Александр Овечкин секілді тұлғалар бар.

Ол танымал футболшы Халк “Зенитте” ойнап жүрген кезде портретін салып, жеке өзіне табыстаған, ал Обаманың картинасын Ақ Үйге почта арқылы жіберіпті.

Енді Леонардо Ди Каприоның портретін Голливудқа жіберу жолдарын қарастыруда. Ал өкінішке орай Ресей президенті Путиннің суретін вокзалда ұрлатып алыпты.

Талқылау