Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік суретші әйел Назарбаевтың портретін төсімен салып шықты (фото, видео)

Әлемдік деңгейдегі саясаткерлердің суретін төсімен салып шыққан Ирина Ромоновская бұл жолы  Нұрсұлтан Назарбаевты бейнеледі. Ол өз туындысында Қазақстан президентінің қолына кока-кола сусынын ұстатып қойған. Әрі  Назарбаевтың портретіне өзіне ұнайтын түстерді пайдаланғанын айтады.

портрет

“Мен өзім спирттік ішімдікті аузыма алмаймын. Сондықтан ішімдікке әуес еместерге кока-кола сусыны ұнайды деп ойлаймын”,-дейді суретші.

Ромоновская бұған дейін төсімен Владимир Путин, Дмитрий Медведев, Барак Обама, Владимир Жириновский, Дмитрий Песков, Виталий Милонов, Лионель Месси, Александр Овечкин сынды белгілі адамдардың портретін салып шыққан.

 

Талқылау