Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік СУ-24 ұшағының командирі ШҚО тумасы болып шықты

24 қарашада Сирия-Түркия әуе кеңістігінде оққа ұшқан ресейлік СУ-24 ұшағының командирі ШҚО тумасы болып шықты, – деп хабарлайды Stan.kz YK-news.kz- ке сілтеме жасап.

пилот
Ресейлік ұшақтың командирі ұшақ құлар алдында катапультамен шығып үлгерген. Алайда борт командиріне парашютпен түскен кезінде сириялық жауынгерлер оған оқ атқан. Салдарынан командир қаза тапты.

Қаза тапқан ресейлік ұшқыш Олег Пешков ШҚО тумасы екені анықталды. Ұзақ уақыт бойы Өскеменде тұрып, жергілікті мектепте білім алған. Бұл ақпаратты сол мектептің қызметкерлері де растап отыр. “Ол 1985 жылы мектеп бітірді. Кейін Свердловскідегі оқу орнына түсіп, Харьков авиациялық мектебін бітірді. Липецкте тұрды. Алдағы уақытта оны еске алу шарасын ұйымдастырамыз”, -дейді директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Елена Лукина.

пилот1
Олг Пешковтың досы өскемендік Вячеслав Парий Олегтің анасы ерте жасынан қайтыс болып, өгей әкесінің қолында тәрбиеленгенін айтты.

Ұшқыштар училищесін бітірген көптеген ұшқыштар СУ-24 ұшақтарын басқарып жүрді. Ұшқыштар өте шыншыл болуы керек. Олег те сондай адам еді.
Ұшқыштың жары да өскемендік екен. Олар отбасымен 2000 жылдары Липецкте көшіп кеткен.

пилот2
Қаза болған командирдің артында қызы мен ұлы қалды. Туған ағасы Павел Пешков та әскери қызметкер.

пилот3
Ресей президенті Олег Пешковқа Ресей Федерациясының Батыры атағын беру құжаттарына қол қойды.
Көрші елдің БАҚ өкілдерінің хабарлауынша сириялық жауынгерлер Олег Пешковтың денесімен тылда журген жақтастарымен алмасуға келіскенін хабарлайды.

Талқылау