Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік СУ-24 ұшағын басқарған Олег Пешковтың неден қаза болғаны анықталды

Сот-медициналық сараптамасын  жасаған мамандар ресейлік Су-24 бомбалаушы  ұшағын басқарған  Олег Пешковтың нақты қалай қаза болғанын  анықтады.

Ресейлік СУ-24 ұшағын басқарған  Олег Пешковтың неден қаза болғаны анықталды

Бұл туралы  LifeNews құқық қорғау органдарына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Дереккөздің мәліметінше, Олег Пешковтың денесіне сегіз оқ тиген. Оның төртеуі жанама оқ, қалғандары тура тиген, оқтар ұшқыштың өкпесін және ішастар қуысын тесіп өткен. Сонымен қатар, ұшқыштың денесінен көптеген жарақат іздері табылған.

Дәрігерлер ұшқыштың дәл қай уақытта қаза болғанын да анықтаған. Дереккөздің айтуынша, ол 24 қарашада  Мәскеу уақыты бойынша таңғы 10.00 мен 11.30 аралығында қаза болған.

Еске салсақ, 24 қараша күні  рресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын  түркиялық F-16 жойғыш зымыраны арқылы атып түсірген болатын. Екінші Ұшқыш  Константин Мурахтин қайғылы жағдай кезінде тірі қалған еді. Қаза болған ұшқышты іздеу кезінде Алкусандр Позыничте өлтірілген еді.

Бұған дейін олег Пешковтың  ШҚО  тумасы екенін хабарлаған болатынбыз

25 қараша күні  Ресей президенті Владимир Путин 3 әскериді  марапаттау қағазына қол қойған болатын. Қаза болған Олег Пешковқа  РФ Батыры атағы берілді. Александр Позыничке  Ерлік төсбелгісі берілді. Константин Мурахтин де осындай марапатқа лайықты делінді.

 

 

Талқылау