Ресейлік студент көшедегі қаңғыбастың атақты жазушы екенін танып оны құтқарып қалды (фото)

Жұма, 15 Шілде , 2016 8:54

Питерлік студент Александр Гущин көшеде үй-күйсіз қаңғып жүрген ер адаммен кездейсоқ танысып қалады. Жас жігіт оған жиі тамақ, киім әкеліп пікірлесіп тұрған екен.

e933ece62cd6e36fd4e4803dd729fd0c

Бұл туралы Аргументы и Факты басылымы хабарлайды.

Бір күні Александр жаттығудан құйып тұрған жаңбыр астында асыға басып қайтып келе жатады. Осы сәтте жауыннан тығылып ағаш астын қалқалаған қаңғыбас адамды байқайды. Сөйтіп, Александр қолындағы қолшатырын ойланбастан әлгі кісіге береді. Осыдан соң да ол кісіні бірнеше рет көрген студент, онымен танысып, күнделікті сөйлесіп, көмектесіп тұруды әдетке айналдырады.

“Мен оған жылы киімдер мен төсек әкеп беретінмін. Сөйтіп, бірге отырып әңгіме-дүкен құратын едік. Ол бірде ауырып, дәрігер шақырып ауруханаға алып кеткен. Алайда он күннен соң қайтадан баяғы орынына келді. Оның үй-күйсіз, қаңғыбас адам болғанына қарамастан, бір ақылдылық, зиялылық байқалатын едім,” – дейді Александр.

1cb52869ae64d454debd4320654cfc80

Тағы бірде әңгімелесіп отырып, әлгі адам студентке өз өмірі туралы, үлкен жазушы әрі режиссер екенін, есімі Мир Зафар екенін айтып береді. Тіпті оның кітаптары Ресейде де оқылады екен. Ресейге де жаңа кітабын жазу үшін келген. Алайда қайтар жолда оны тонап кетеді. Құжат пен ақшасынан, бар затынан айырылған жазушы инсульт алып, қатты ауырып, аздап есін жоғалтып, тіпті қозғала алмай қалған. Бірнеше мәрте таяқ та жеген.

1d25bc38cc76a3c5cd710300c234e09e

Студент Зафардың отанына оралуына көмектесу үшін, әлеуметтік желіге хабарландыру жариялайды. Бұдан соң көптеген қоңырау келіп түсіп, оның шын мәнінде атақты жазушы әрі режиссер екені белгілі болады.

13aca86958b1fadaf7561b262a860c57

Кейінірек, Александрға Тәжікстан елшілігі хабарласып, Мир Зафардың режиссер, жазушы және тарихи фильмдерге кеңесші болғанын растайды. Ол ұзақ уақыт Якутияда тұрып, Ресей азаматтығын да алған екен. Елшілік Зафардың елге қайтуына жағдай жасап береді. Жазушы болса өмірінің қайтадан күрделі өзгеріске ұшырағанына түсінбей, енді-енді қалпына келуде. Александр да ескі досымен хабарласпаған.

“Тәжікстан елшілігі маған Зафардың жаңа фотосын жіберді. Ол жерде ол мүлде бөлек: Тап-таза, қырынған, тәуір киім киген”, – дейді студент.

683dfbf60dce9429a336d8fefa2fe3ae

Елшілік хабарлағандай, режиссер жаңа өмірге бейімделіп келе жатыр екен. Ол компьютерде қалай жұмыс істеуді еске түсіріп, қазір жаңа кітабына кірісіп кетіпті. Ал елшілік болса оған ақшалай көмек көрсетіп, құжаттарын қалпына келтіріп берген.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

25
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар