Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік дизайнер Ерке Есмаханның стилін "тым қарапайым" деп атады

Ресейлік дизайнер Вика Газинская әнші Ерке Есмаханның стилін төмен бағалады. Айтуынша, әнші өте қарапайым киінеді.

Ресейлік дизайнер Ерке Есмаханның стилін "тым қарапайым" деп атады

Бұл туралы Ревью бағдарламасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Сәнгерге бағдарлама барысында қазақстандық жұлдыздардың киім үлгісін көрсетті. Вика Газинская ешбір қазақстандық жұлдыздың стиліне таңғалмады. 

Тіпті, Ерке Есмаханның стилі өте қарапайым екенін атады. 

"Ол өзін көрсеткісі келсе, бейнебаяндарында киім ауыстырып, өзіне ел назарын аударуды қаласа, оған ұзақ жұмыс істеу керек. Себебі стилі өте қарапайым екен", - деді дизайнер.

Вика Газинскаяның есімі Ресейден бөлек, әлем елдеріне танымал. Оның киімдерін Кэти Перри секілді шетелдік әншілердің өзі киіп жүр.

Талқылау