Ресейлік пәтерінің асханасында бассейн жасап алды (фото)
Тверлік блогерлер пәтер асханасында бассейн жасап алды. Ағаш тіреумен асүйге кіреберісті жауып, асүй жабдықтарының барлығын (газ плитасы, шкаф т.б) полиэтиленді қаптамамен қаптап тастаған. Сенімділік үшін жабысқақ желіммен әбден бекіткен. Ал сосын краннан тосыннан жасалған бассейнге қарай су ағызған.
“Идея ойда-жоқта туындады. Бұл жаңашылдық емес, бірақ біз бірінші болып процесті түсіріп, түсіндіре алдық. Ерекше көңіл көтеру үшін, біз анда-санда осындай қалыптан тыс дүниелер жасап тұрамыз”, – дейді блогер Владимир.
Владимирдің айтуынша ойға алған істі жүзеге асыру қиынға соққан. Процесс жалықтырып та жіберген.
“Істің басталуы кезінде және шомылуға 7-8 сағат уақыт кетті. Алған әсерді сөзбен айтып жеткізу қиын! Мұндай ләззатты тек бала кезде ғана сезінген шығармыз”, – дейді ол.
Олар асүйде еркін шомылып, суды шапылдатып армансыз ойнаған. Сонымен қатар, сүйікті мысығы Паниді де бұл керемет бассейннің рахатын сезінуге шақырып, суға түсірген. Алайда ол аса қатты қаламағанға ұқсайды.
“Ол негізі суды жақсы көреді, тұрақты түрде шомылады. Бірақ, осы жолы камерадан қорықты ау деймін”, – дейді Владимир.
Пәтер бірінші қабатта орналасқандықтан, көршілермен ешқандай дау туындамаған. Бір қызығы соншама суды толтырғанына қарамастан, асүй толған судан қатты зардап шекпеген. Олар бөлмені он минуттың ішінде қалыпқа келтіріп үлгеріпті. Олар алдағы уақытта ойларындағы жаңа идеяларды да дәл осылай жүзеге асыруға ниетті екен.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақ ауылдарындағы бассейн желі қолданушыларын еріксіз таң қалдырды