Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік НТВ арнасы қазақстандық баланың еміне ақша жинап жатыр

Ресейлік НТВ арнасы көздің қатерлі ісігіне шалдыққан бес жасар Эльберд Ибрагимовтің еміне ақша жинай бастады.

2

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“Оған туған елінде көмектесе алмаған. Қолұшын мәскеулік дәрігерлер созып отыр. Бала химиотерапиядан өтуі тиіс, бірақ көпбалалы отбасының ақшасы жеткіліксіз, тағы 300 мың рубль қаражат жинау қажет”, – деп хабарлады НТВ.

“Қазақстанда дәрігерлерге жүгіндік, олар ештеңе анықтай алмады. Содан кейін Новосибирскіге келдік. Онда нақты диагноз қойылды, онкология екен”, – дейді баланың әкесі Руслан Ибрагимов.

Оның айтуынша, Новосибрискіде дәрігерлер Блохин атындағы орталыққа баруды ұсынған. Онда ретинобластомадан көптеген бала жазылып шыққан. Эльбердке тексерулерден кейін химиотерапия тағайындалды. Бірақ ол қымбат тұрады. Дегенмен, ата-анасы жаз бойы өз беттерімен ақша жинап, ұлдарымен бірге ауруханаға жатқан.

Оқи отырыңыздар:

Сүрменің пайдасы: Сүрме бояуын жағу сүннет пе?

Не себепті жүкті әйелге жылы сөздер айту керек

Не себепті ер адамдарға ұялы телефонды қалтада ұстауына мүлде болмайды

Талқылау