Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік Леонид Волков аэротруб биі бойынша қарсылас шақ келтірмеді (видео)

Петербургтік Леонид Волков Wind Games 2016 сайысында алдына жан салмай жеңіп шықты. Халықаралық жарыс Испанияда өтті. Ол «акробатикалық фристайл» бағдарламасында жарысқа қатысқан.

HN5vGmd-u4U3

Бұл туралы TJOURNAL сайты хабарлайды.

Волковпен қатар, 16 жастағы поляк Маи Кучиньсканың да көрсеткен өнері келген жұрттың таңдайын қақтырды. Өнерлі қыз Волковтан 30 ұпайға қалып, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Wind Games халықаралық би сайысы осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Бұл жолғы сайысқа әлемнің 18 елінен спортшылар қатысып, бақтарын сынады.

Талқылау