Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік көпқабатты үйдің шатырына шипажай салып тастады (фото)

Көпқабатты үйдің тура төбесінен жанға жайлы курорт ашқан Красногорск тұрғыны әлеуметтік желінің жұлдызына айналып шыға келді.

6b5cb59f-d98f-4047-bd2a-31e480ee6646

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Онда кәдімгі үрлемелі бассейн, көлбеу отырғыштар және де жасанды ағаштар бәрі қойылған. Бірнеше күннің ішінде сурет кең таралып кетті.

a7d0b04a-8870-4b7c-bfc7-2b0c57c938f3

Басқарушы компания болса бұл әрекетке қарсы болып, ұйымдастырушы ер адамды сотқа бергенімен, ол сот отырысына келмей қойған. Ал қала әкімшілігі болса тұрғындардың үй шатырына шығуына және онда қандай да бір әрекет жасауына болмайтынын ескертуде. Ал бассейн мен басқа да құрылғылар тез арада жойылуы керек екен.

Талқылау