Ресейлік хирург сүйегі сынған науқасты аллергиядан емдеп, өлтіріп алды

Жұма, 22 Шілде , 2016 18:52

Калужск облыстық соты қабырғасын сындырып және аллергиямен емделген адамды қате емдеген дәрігерді емделушінің өліміне кінәлі деп тапқан. Алайда кейінірек дәрігерге рақымшылық жасалды.

10849078

Тергеу қорытындысы бойынша, 2015 жылы ақпан айында Юхновск ауданының тұрғыны құлап қалып, кеуде тұсынан жарақат алады. Оның қабырғалары жеңіл сынып кеткен. Ер адам орталық аудандық ауруханаға келіп, дәрігер-хирургқа қаралады.

“Дәрігер-хирург өзінің кәсіби міндетін дұрыс атқармай, оның кеуде клеткалары жыртылып, сынғанына қарамастан оған сараптама жасамай, рентгенография тағайындамай, түсініксіз аллергиялық реакция деген диагноз қояды. Сол қателігімен ол емделушіні аллергиядан сауықтыру жүйесі бойынша емдейді.

Нәтижесінде науқастың тыныс алу жолы мен жүрегінде қиындық пайда болып қайтыс болады. Ал негізінде дұрыс әрі заманауи жолмен көмек көрсету арқылы оның өмірін сақтап қалуға болатын еді.

Сот дәрігерді кінәлі деп тауып, оны екі жылға бас бостандығынан айырып, бір жылға дейін кәсібімен айналысу құқығынан айырады. Алайда дәрігер екінші дүниежүзілік соғыстың 70 жылдығына орай жарияланған рақымшылыққа ілініп, жазадан құтылады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар