Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік “Главная сцена” шоуының жүлдегері Алматыда жарақат алып қалды

 “Россия 1” телеарнасынан берілетін “Главная сцена” жобасының жүлдегері Василий Уриевский Алматыдан Саратовқа ауыр жарақатпен оралды. Ол Алматының таудағы курортында шаңғы теуіп жүріп аяғын қатты зақымдап алған.

maxresdefault

Бұл туралы САРАТОВИНФОРМ хабарлайды.

Қазір әртіс Саратов қаласындағы ауруханалардың бірінде травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Ол Алматы қаласындағы қысқы демалыс орындарының бірінде сырғанақ теуіп жүріп, тайып жығылған. “Главная сцена” шоуында сәтті өнер көрсеткеннен кейін, топпен бірге Алматыға концерт қоюға аттанып кеткен болатын.
“Концерттен кейін сырғанауға бардық. Менің тауда шаңғы тебуде тәжірибем бар еді, бірақ, ол жеткіліксіз болып шықты. Сол себепті, Саратовқа мүгедектер арбасына таңылып келдім. Қазір зақымданған сүйектерді қалпына келтіріп жатыр”, – дейді Василий Уриевский.
20160118080402 20160118080406

Талқылау