Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік гейлерге алғаш рет шеру өткізуге рұқсат берілді

Ресейде алғаш рет гей шеру өткізуге рұқсат берілді. Бұл туралы ЛГБТ қауымдастығының жетекшісі Николай Алексеев «ВКонтакте» желісінде хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ресейлік гейлерге алғаш рет шеру өткізуге рұқсат берілді

«Новоуланов қаласы әкімшілігінің басшысы 7 адамнан тұратын Яблоневый ауылында гей-парад өткізуге рұқсат берді. Сондай-ақ, 131 тұрғыны бар Панской Слобода кентін гей шеру өткізуге арналған орын ретінде ұсыну туралы нұсқа болды. Бірақ бұл әрекет заманауи Ресей үшін өте прогрессивті болар еді»,-деп жазды ол.

Алексеев осылайша, Ресей тарихында алғашқы келісілген гей шеру 2018 жылдың 26 тамызында Ульянов облысының Новолёвск қаласындағы Яблоневый ауылында сағат 12-ден 14:00-ге дейін өтетінін атап кетті.

Оның сөзінше, ең бастысы жарияланған қатысушылардың саны асып кетпеу керек. Яғни, Ресей алғаш рет 300-дей адамға гей шеруге қатысуға рұқсат берді. Бұл туралы хабарлаған Алексеев қатысушылар тізімін құрастыратынын айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау