Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғарышкер Балқаш көлін ғарыштан суретке түсіріп алды (фото)

Ресейлік ғарышкер Антон Шкаплеров ғарыштан Балқаш көлін суретке түсіріп алды. Ол ерекше фотосуретті желідегі парақшасында жариялады, деп жазады Stan.kz.

Фото Шкаплеровтың желідегі парақшасынан

“Ғарышқа ұшқан сайын осы суретті жасауға тырысамын. Менің ғарышқа үшінші рет ұшуым және Балқаш көлінің үшінші суреті. Бұл – Жер бетіндегі құрлық ішінде орналасқан ағынсыз ірі көлдердің бірі. Ол Қазақстанда орналасқан”, — деп бөлісті Шкаплеров.

Шкаплеров ғарышта болған уақытында неше түрлі суреттер жасағанды ұнатады. Оның фото-топтамасында Байқоңырдың суреті де бар.

Фото Шкаплеровтың желідегі парақшасынан

Айта кетейік, Антон Шкаплеров — ресейлік сынаушы-ғарышкер әрі ресейлік ВВС-дің полковнигі.

Жіберіп алмаңыз:

Ғашықтар күніндегі ақылға сыймайтын әрекеттер

Қызын шегелеп қойған ана: Оның ішінде жын болғасын крест тықтым

Валентин күні туралы сіз білмейтін 14 тарихи факт (фото)

Өз туыстарына үйленген 13 атақты тарихи тұлға

 

Талқылау