Ресейлік боксшы Матвей Коробов Головкинмен айқасуы мүмкін

Жексенбі, 24 Қаңтар , 2016 22:04

Орта салмақтағы әлем чемпионы титулына үміткер ресейлік Матвей Коробов  Дүниежүзілік бокс кеңесінің (ВБС) тұжырымы бойынша «уақытша» чемпион қазақстандық Геннадий Головкинмен айқас өткізу туралы келіссөз жүргізуде.

Matvej-Korobov

Бұл туралы Коробов мәлімет етті деп ТАСС хабарлайды .

Орта салмақтағы әлем чемпионы титулына үміткер ресейлік Матвей Коробов Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (ВБА),  «Халықаралық бокс федерациясы (ИБФ)  тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, Дүниежүзілік бокс кеңесінің (ВБС) тұжырымы бойынша «уақытша» чемпион қазақстандық Геннадий Головкинмен айқас өткізу туралы келіссөз жүргізуде.

«Қазір келіссөздер жүріп жатыр. Жекпе-жек алдын ала 23 сәуірге белгіленген. Мен бірден келісімімді бердім, мұндай мүмкіндікті көптен күтіп жүрген едім, біз әзірміз», – деді Коробов.

Коробов 16 қаңтарда бір жылдық үзілістен кейін рингке шығып, ұпай саны бойынша мексикалық Хосе Овандоны тізе бүктірген. Оның есебінде кәсіби рингте 25 жеңіс (14 нокаут), бір жеңіліс бар. Головкин 17 қазанда техникалық нокаутпен канадалық Дэвид Лемьены жеңді. Салмақ санатынан тыс әлемнің үздік боксшыларының бірі саналатын қазақстандықтың қанжығасында 34 жеңіс (31 нокаут) бар, бірде-бір рет жеңіліп көрмеген.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
16.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар