Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік әзілкеш Сардинияда қазақстандық миллионерлердің әйелдерінің көңілін аулады

Әзілкеш Руслан Белый қазақстандық бай-бағландардың әйелдерінің алдында қалай өнер көрсеткенін айтты.

ТНТ арнасынадағы Stand up шоуының жүргізушісі Comedy Club резиденті Руслан Белый журналист Юрий Дудьпен сұхбаттасты.

Айтуынша, ол Сардинияда төртпалубалы кемеде тапсырыс бойынша қазақстандық әйелдердің көңілін аулаған.

«Бізді моторлы қайықпен апарды. «Аяқ киімдеріңді шешіңдер» деді. Еденге төселген жабын қымбат екені көрініп тұр. Менің өмірімнен де қымбат болуы мүмкін. Егде жастағы әйелдер отырды. Шара жоғары деңгейде өтті. Мен стенд-ап жасап, музыканттар ән айтуы тиіс болды. Ұйымдастырушылардан не болып жатқанын сұрадық. Әйелдердің жылап жатқанын айтты», – дейді Руслан.

Бұл жайт Comedy Club қатысушысын қатты таңғалдырған. Себебі тапсырыс беушілер жылайтындай жағдайда болмаған.

«Неге жылап жатыр, туған күні емес пе деп ойладық. Олар кешкі асын ішіп, ішімдік ішкен соң, уайымға салынған. Өздерінің жалғыз қалғанына қайғырған. Күйеулері Лондонда қыдырып жүр, ал өздері жалғыз. Өмірдің жиіркенішті екенін айтып, осындай күйге түсті. Екі сағаттан соң олар төменге түсе бастады. Мен әзілімді бастадым. Олар менің кім екенімді түсінбей қарап тұр. Қуанышқа орай, диджей қызық адам екен. Менің әр әзілімді әуенмен жалғап тұрды. Кейін музыканы қосты, әйелдер билей бастады», – дейді әзілкеш.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау