Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік азамат ұшақта 9-жасар қызды зорлаған

Новосибирскіден Мәскеуге аттанған ұшақ бортында ресейлік азамат 9-жасар қызды зорлаған. Тергеу комитеті азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғады.

1688786_20141010232036

Бұл туралы 26 тамыз күні Ресей тергеу комитеті Мәскеу басқармасы басшысының бас көмекшісі Юлия Иванова «Мәскеу» агенттігіне хабарлаған.

Оның сөзінше, тергеушілер оқиғаның анық-қанығын анықтау және күдіктіні тауып, қамауға алу үшін белсенді түрде әрекет етуде.

Болжам бойынша, бүлдіршін Мәскеуге жалғыз өзі ұшқан. Жәбірленушінің сөзінше, оның жанында отырған ер адам әуеде оны зорлаған. Бұл туралы қыз бала Мәскеуге жеткен соң анасына айтып берген.

Күдіктінің 72-жастағы Тамбов тұрғыны екені анықталды.

 

Жіберіп алмаңыз: 

Ресейде 9 жасар ұлын зорлаған әйелге қатысты сот үкімі шықты

Павлодарда өгей қызын зорлаған ер адамға қатысты сот шешімі шықты

Ақтауда педофильден зорлық көрген қыз Астанаға жеткізілетін болды

Куәгер: Есікте топ болып қыз зорлағандардың бірі ірі шенеуніктің күйеу баласы болуы мүмкін (видео)

Талқылау