Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік әйел қазақстандық полицияның жұмысына шағымданды

Екатеринбург тұрғынының көлігі ұрланған. Артынша ол хабарландырулар сайттарының бірінен өз көлігінің Қостанайда сатылып жатқанын көріп қалыпты. Алайда ол өз көлігін қайтара алмады.

Ресейлік әйел қазақстандық полицияның жұмысына шағымданды

Бұл туралы «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

52 жастағы Алита Русанованың 2 жыл тізгіндеген көлігі ұрланған. Ол полицияға шағымданыпты, көлігін өздігінен іздей бастапты. Артынша көлігінің сатылымға қойылғаны туралы хабарландыруды көзі шалады. Сөйтсе көлігі Қазақстанда екен. Мұнан кейін Алита сатып алушы сияқты кейіп танытып, Қазақстанға келген.

«Өз көлігімді көрдім. Жүк салғышында менің заттарым жатыр. Мұнан кейін полицияға шағымдандық. Көлікті айып тұрағына қойды. Бізден жауап алды да, біз үйімізге кеттік», – дейді ресейлік әйел.

Көлікті сатылымға қойған ер адам оны Алматы облысында басқа адамнан сатып алғанын айтыпты. Тергеу барысында көліктің шанағынан VIN-кодтардың бірі табылды. Тергеу тоқтатылып, көлік сатушыға қайтарылды. Десе де сараптама нәтижесі VIN-кодтардың бірі боялғанын, ал Русанованың көліктің иесі екені көрсеткен.

Мұнан кейін прокуратура көлікті сатушыға қайтарған тергеушіге қатысты іс қозғады. Соған қарамастан көлікті қайтару мүмкін болмады. Қыркүйек айында Алита Русановаға көліктің өртеніп кеткенін айтыпты.

«Іс сотқа түседі. Тергеушінің кінәсі дәлелденді. Сол кезде Русанованың шотына көліктің құнына сәйкес ақша аударылған. Ақшаны көлікті сатқан адам аударған. Олар: «Кешіріңіздер, ешқандай зақым келген жоқ. Тергеуші ұрланған көлікті ұрланған заттарды сататын адамға қайтарған жоқ. Сондықтан ол сотты болмайды», – деген. Біз бұл ұстаныммен келіспейміз. Іс сотта қаралуы керек деп ойлаймыз», – дейді әйелдің қорғаушысы Олег Матвеев.

Қостанай облыстық сотындағылардың сөзінше, іс прокурормен қайтарылды. Облыстық прокурордың орынбасары қуыным түсірген. Ал Алита Русанов шағым берді. Бұл құжаттар аппеляцияда қаралады.

Ендігі ресейлік әйел шығынның орны толтырылғанын қалайды. Сонымен қатар өзінің ісімен айланысқан тергеуші әділ жазасын алса дейді. Ол көлікті несиеге алған екен. Шотыма аударылған ақша көліктің құнын жаппайды, дейді ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау