Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік актриса Қарағандыдан қазақ атасын тауып алды

Танымал ресейлік әнші Янина Мелехова Қарағандыдан қазақ атасын тауып алды, бірақ атасы тірі болмай шықты.

Янина Мелехова

Беллорусиялық әрі ресейлік актриса Янина Мелехова қазақ атасын ақыры тапты. Қарағанды тұрғыны Әлімбай Шахмұхамбетов әншінің атасы болып шықты. Марқұмның артында қалған бала-шағасы бар, деп жазды “Новый вестник“.

“Менің жазбама көп адамның назары ауғанына таңғалдым. Осылайша мен атамды таптым, бірақ өмірден өткен. Қайда жерленгенін білдім. Басына міндетті түрде барам. Көп туыстарымды таптым. Қазір Жаңа жылға дайындық, түсірілімдер болғандықтан уақытым тапшы. Туыстарымның бірі Мәскеуге келуі мүмкін. Қазақ радиосына “Бармысың, бауырым”  бағдарламасына, Қазақстан арнасына, Қымбат Досжанға, қарағандылық, “Новый вестник”порталына ерекше алғысымды білдіргім келеді”, – дейді ол.

Актриса бұған дейін атасының қазақ екенін айтып, іздеу салған еді. Айтуынша, атасы 1950 жылдары Белоруссияда әскери борышын өтеген. 1954 жылы із-түссіз жоғалып кеткен. Актриса атасының қазақ екенін шүбәсіз сенетінін, түр-тұлғасы өзіне ұқсайтынын айтқан болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау