Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік актриса автоматтан оқ жаудырды (видео)

Тиматидің “Ключи от рая” бейнебаянына түскен актриса Анастасия Решетова жуырда инстаграмдағы парақшасында “гелендваген” маркалы көлігінің үстіне шығып тұрып автомат атқан видеосын жариялады.

4141

Сурет paparazzi.ru

19 жастағы Ресейдің вице-миссі аталмыш бейнежазбасын Жеңіс күніне арнап түсіріпті. “9 мамыр қарсаңында” деп жазды ол.

Алайда видеоға қатысты Анастасия сынның астында қалды. Интернет-қолданушылары әдемі қыздың автомат ұстап атқанын жақтырмай қалған сыңайлы.

“Мен соғыс қаруымен атқанды қатты жақсы көремін. Бұл жолы сондай ләззатты сезініп көргім келді. Процесс кезінде ешкім де зардап шеккен жоқ. Бұл видеоның соншалықты сынға ұшырағанын түсінбедім. Бұл жерден ешқандай ұят әрекет көріп тұрғаным жоқү Жақында 9 мамыр жеңіс күні. Видеода мен жоғарыға атып тұрмын. Демек, бұл жеңістің құрметіне деген сөз”, – деп Анастасия өз әрекетін түсіндірген.

Талқылау