Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік 4 жыл бойы Қызылқұмда құлдықта болған

2006 жылы 33 жастағы Уварово қаласының тұрғыны Константин Шымкентке жұмыс істеу үшін келген. Оның алыс туыстары осында тұратындықтан да ол Оңтүстік Қазақстанды таңдапты. Алайда оңтүстік мақтаулы қонақжайлығын көріп үлгермей құлдыққа тап болған.

a8fd335d1765f2f52135f37cf9c16b11ee771dcb

Бұл туралы ratel.kz хабарлайды.

Қалаға кіре берісте кездескен адамдар оған тап беріп шабуылдап, құжаттарын тартып алып, қызылқұм жазығына алып келген. Ол жерде 4 жыл малшы болып уақытын өткізеді. Әбден тозығы жеткен, жарықсыз, жылусыз, тазалық сақталмаған ғимаратта күн кешіп, күніне бір рет ғана тамақтанған.

2010 жылы Константин бұл арадан қашып шыға алды. Тас жолға шыққаннан кейін Шымкентке дейін көлікпен жетіп алу мүмкіндігі бұйырады. Алайда ер адам құқық қорғау органдарына жағдайы туралы хабар бермеген. Құқық қорғаушылардың айтуынша ресейлік өзіне айып тағады деп қорыққан. Ешқандай жөнді жұмыс таппаған ол, Шардара ауданында малшы болып жұмысқа тұрады. Ол жерде ресейлік 2016 жылдың мамыр айына дейін істеген.

“Шардара ауданындағы жұмыстың реті де жақсы болмаған. Ол онда тек тамақ үшін ғана өмір сүрген. Жұмыс беруші құжаттарды қалпына келтірген соң ғана айлық беремін деген. Алайда құлдық өмірден кейін мына жағдай Константинге әлдеқайда жақсы болып көрінеді. Ол бізге хабарласқан кезде біз оған Ресейге қайтатын сертификат жасадық және айлығын алуға көмектестік. Оның бастығы бұған жалақы бермеймін деп шешкен екен. Алайда бізбен сөйлескеннен кейін ол Константинге 1,5 миллион теңге төлеп берді”, – дейді “Сана Сезім” құқық орталығының заңгері Ильдар Халиулин.

Осы жылдар ішінде Константинді анасы әркез іздеген. Бір қызығы, ер адамды бірнеше жыл құлдықта ұстаған адамдар жазасыз қалуы мүмкін. Өзінің бұрынғы “қожайындарының” үстінен ресейлік шағым түсірмепті. Құжаттары мен ақшасын алғаннан кейін, шет елдік отанына оралуға асыққан.

Талқылау