Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей протон қалдықтарын тастау үшін Ақтөбеден жер сұрап отыр

Ресей Федерациясының ұсынысына сәйкес мәжіліс депутаттары “Протон” қалдықтары түсетін жер беру туралы мәселені қарастырды.

Безымянный

Сурет azh.kz

Бұл туралы “Астана” арнасы хабарлайды.

Ресей Байқоңырдан ұшырылған зымырантасығыш қалдықтарын құлататын жерді Ақтөбе мен Солтүстік Қазақстан облыстарынан беруді біраздан бері сұрап жүрген. Төрт құбыласы түгелденген мәжіліс бұл ұсынысты көпшілік отырыста қарастырып көрді.

“Ішінде Ақтөбе облысы болу керек. Жақсылап тұрып қараймыз. Ресейдің ұсынысын қарайық, бізге беріп жатқан қаржы көлемін, біздің экологияға әсерін қарайық”, – деді мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев.

“Протон” зымырантасығышына ғарыш көгіне самғар алдында 500 тонна гептил толтырылады. Ал жерге түсетін бөлшектері 10-30 тонна аралығындағы жанбай сол күйінде қалған шикі гептилмен құлайды.

Гептил отыны – мутагендік тұрғыдан әсер ете алатын улы зат. Негізінен Қазақстан бойынша 47 аймаққа зымыран қалдықтары құлайды. Оның 39-ы Қарағанды облысы аумағында. Ақтоғай ауданы жерінің 37%-ы, Шет ауданының 93%-ы, Жаңаарқаның 37%-ы, Ұлытау жерінің 74%-ы гептилмен ластанған.

Талқылау