Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде қала орталығында жүрген аю жұрттың зәресін ұшырды

Мурманск облысының Североморск қаласының тұрғындары қала орталығында қоңыр аю жүргенін көрген.

BearFace

Бұл туралы severlife.ru порталы хабарлайды.

Түн ішінде Мәдениет үйінің жанында тұрған алып қоңыр аю жұрттың зәресін ұшырған. Алайда тұрғындардың бірі аюдың шынжырлаулы екенін байқаған. Абырой болғанда қалаға цирк келіп, қолға үйретілген аю таза ауа жұтсын деп көшеге шығарылып, байланыпты.

Талқылау